• Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы
  • Ит дүние
  • Соқыр, саңырау және жалаңаш
  • Нәпсi аждаһа
  • Бес қымбат
  • Қиянат
  • Жарты нан
  • Анама хат
  • "Мәшһүр" атты қалай алғандығы туралы
           

Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы

Тiрлiк пен денсаулықта – баста бағым,
Онан соңғы дәулетім – тiл мен жағым.
Құдай берген он екi мүшелерім ,
Өз өнерім  өзіме–алтын тағым.


Алты алашқа жайылып кеткен атым,
Жүрген жерім - ду базар, қылып хатым.
Ұстаз пiрдiң һүмматы болып жәрдем,
[Бiр] ұшсам, кете берем, бар қанатым.


Баянауыл: Қызылтау- өскен жерім ,
Кiрім  жуып, кiндiгім  кескен жерім .
Қалам, сия, қағазды қолыма алсам,
Келер қоршап бойыма ғайып пiрім .


Айдабол мен Күлiктен- шыққан затым,
Мәшһүр деген– бiр лақап, Жүсiп- атым.
Орта бойлы, қой көздi, пiтiр(пiти) мұртты,
Аққұба, бидай өңдi қиапатым.


Жылым- қой, тоғыз беске келiп жасым,
Жарастықты, көрнектi сақал, шашым,
Жел қайықтай жел сөзге есушi едім ,
Тұрған күнде: “домалап өрге тасым!”


Әкем Көпей- жетпiс үш жасында өткен,
Дiн жолына жас күнде  бiздi үйреткен.
Өзi жастай тариқат жолын iздеп,
Әбiлқасым ишанға қызмет еткен.


Бабамыздың аты екен- Шермұхаммед,
Құдайға - құл, нәуиге(нәбиге) болған үмбет.
Балаларын оқуға сүйрейдi екен,
Екi қолдап жетелеп, қылып һүммет.


1903 ж.

Ит дүние

Бұ дүние жолдас емес адамзатқа,
Кетедi, қайта тастап жанған отқа.
Дүниенiң жамандығын көзiне айтып,
Ғазал қып бес-алты ауыз жаздым хатқа.   


Бұ дүние қыларына тимек шырын,
Аунасаң, кетiресiң ердiң түрiн.
Аулад адам жаралған барша жанды
Келесiң бәрiн тастап бiрiн-бiрiн.


Ойласам, дүние iсiнде жоқ-ты сапа,
Баршасын жолдасыңның қылдың қапа.
Бәрiн де қарайғанның налытасың,
Мақұл ма осының да, ей, би опа?!


Ит дүние, қарамайсың Құдайға-ай сен.
Тұрмайсың бiр қалыпта орайға-ай сен.
Басынан не ерлердiң кештiң желдей,
Баяндап кім ге тұрдың қуармай сен.


Ит, дүние, сен бiр сәурiк айғырдайсың,
Ешкім дi өз бетiңмен бай қылмайсың.
Қуасың әлi оны , әлi мұны,
Тыныштықпен еш қысырақты жайдырмайсың.


Артыңнан иең қуып өкпесi өшер,
Қайта оған қуанасың, қайғырмайсың.
Сенім нен ат –тоныңды ала қашып,
Сараңнан табаныңды тайдырмайсың.


Қуады, дүние, сенi, барша халық,
Сен деп жүрiп өмірi өтер, ғапыл қалып.
Сен иттiң жаның ырза, жолдасың сол.
Iшпей, жемей, шанашқа қойса салып.


[Iш]iп-жеп, не керегiң кимеген соң,
Шашып, төгiп жүрудi сүймеген соң.
Мәлім  ғой ақыретте берер пайдаң,
Жалғанда бiр сiлемің тимеген соң.


Бiр бақса, дүние, сенi шаруа бағар,
Бағудың шаруа сорлы бабын табар.
Жеткенге қадiрiңе айланасың.
Кейбiреу қадiрсiз қып жаудай шабар.


Бабыңды, дүние, сенiң адам таппас,
Үйiнде батпаушылар тыныш та жатпас.
Бас-басы саған пәле дүние жиған,
Мал сойса, сейсенбi күн саған жақпас.


Құдайым алайын деп қаһар қылса,
Деймісiң сәрсенбi күн ебiн таппас.
Қайда ағаштың басасың қайғы басын.
Сол үшiн саған менiң көңiлім  шаппас.

Соқыр, саңырау және жалаңаш

Жалғанда таппай бiр жар жалғыз жүрдім ,
Кез болмай мен иеме далаға үрдім .
Айтқанмен көп соқырға кім  нанады,
Дегенмен  жұрт көрмеген бiр iс көрдім .


Болғанмен  жүрген жерiң мидай тақыр,
Таусылу жүре берсең бар ғой ақыр.
Болғаннан дүние-  дүние әуел ақыр,
Бiр үшеу жолдас болып келе жатыр.


Дүрбiден бiреуiнiң өткiр көзi,
Көрмейдi дәнеменi сөйтсе де өзi.
Қырағы құмырсқадай нәрселерге,
Онан үлкен зорлардан жоқ боп сөзi.


Мүлтiк жоқ құмырсқаны көруiнде,
Сұрасаң түгел айтып беруiнде.
Онан басқа нәрседен түк көрмейдi,
Кемдiк жоқ жер-су басып жүруiнде.


Құлағы тарс бекiген саңырау бiрi,
Өлi емес, денi сап-сау, өзi тiрi.
Дауысын дүңгiрлеген естім ейдi,
Құдайдың соқтықса да көк пен жерi.


Өзiңде өшiң болса, саңырауға ұрын,
Ұрынбасаң бiлмейсiң оның сырын.
Сыбырлап жасырып айтқан құпия сөздi,
Естидi құлақтыдан әбден бұрын.


Жалаңаш киімi жоқ ендi бiрi,
Ашылып көрiнiп тұр ұят жерi.
Етегi сүйретiлiп келе жатыр,
Жаға-жең жоқ болса да, ол өңiрi.


Суретi адамға ұқсаған, мінезi аңға,
Бұл үшеуiн көрген соң қалдым таңға.
Дүние толды десем де жалған емес,
Тозаң бұрқ-бұрқ, жол үстi толып шаңға.


Үшеуi айрылмастан қосқан басты,
Бiр жасап жалғандағы өмір жасты.
Елсiзде көрiп көзім  тоймасын ба,
Соқыр, саңырау, бiр тұттай жалаңашты.


Дәнеңе жоқ маңайында жалғыз қара,
Бiр сайын өздерiне тиген дала.
Елсiзде үшеуiне кез болған жан,
Бет-аузы кетедi де болып жара.


Жалаңаш киім iңе тап бередi,
Байқамай онда соқыр шап бередi.
Бас салып керең, саңырау сабап-сабап,
Ерiксiз-ақ  киім iңдi ап бередi.


Бой бағып мен анадай алыс тұрдым,
Бұлардың не қылғанын көзбен көрдім .
Не қылып, үшеуiнiң, не қойғанын,
Әр жерде әңгім е ғып, кеңес құрдым.


Соқыр айтты:
- Мен анық тұрмын көрiп,
Бiр адыр қол келедi сейiл құрып.
Саны сонша өзiнiң пәлен мың!- деп,
Бүлiндi өз-өзiнен құдай ұрып.


Онда саңырау дүрiлдеп келдi жетiп:
- Дауысын тұрмын,- дейдi,- мен де естiп.
Ана екеуi айтқан соң жау жеттi деп,
Жалаңаш жаман қорықты есi кетiп:


-Бұл жерден  бiз қашпасақ тұра көшiп, 
Бiр қуылса, соңымызға  бұл жау түсiп,
Менiң құрғыр қызығып етегім е,
Ұзынын қоймайды ғой алмай кесiп!


Соқыр тұр:
- Көрдім  мен,- деп,- міне,- келдi!
Саңырау тұр:
- Құлағым,- деп,- дыбыс бердi!
Жалаңаш тұр, жан қоярға  жер таба алмай:
-Айрылдым етегім нен  мен,- деп,- ендi!


Бұлар тұр  дауырығып осы сөзде,
Құдайдың  құба жоны құла түзде.
Ес көрiп,  осыларды қара тартқан,
Ойласақ,  шайнам ғақыл жоқ қой бiзде.


Не көрдi, дәнеме жоқ үш албасты,
Жалаңаш «жауң деген соң тұра қашты.
Жөнелдi ес жоқ, түс жоқ  одағайлап,
Жол берсе,  кiрер едi жердiң асты.


Үшеуi шығып кеттi  елден безiп,
Қашумен жау жеттiлеп тау-тас кезiп.
Қарны ашып, қалжырайтын мезгiл болды,
Түңiлiп, тiрiлiктен күдер үзiп.


Елсiзге бұл үшеуi шығып кеттi,
Арада бiрнеше  түн, күндер өттi.
Әуре боп бiр үш ақымақ қаңғып жүр деп,
Кім  бұған  даярлайды шай мен еттi.


Бiрталай таныс болды көрiп жердi,
Бұлардың сыбағасын аштық бердi.
«Пәлi, бiз мұнша неге бүлiндiк? «,- деп,
Бiрiнен айдалада бiрi көрдi.


Саңырау айтты соқырға :
-Қылдың, -дейдi,
-Ойлағаның осы едi, тындың!-дейдi.
-Көрiнбеген нәрсенi көрдім  деумен,
Айдалаға қаңғытып қырдың!- дейдi.


Соқыр айтты саңырауға:
-Емес пе ең сен,
Демеп пе едiң дауысын естiдім  мен?!
Көрмесем де көрдім  деп жеңiп жүрген,
ЕМес пе едім  белгiлi бекбике мен?!


Жалаңаш айтты:
-Екi ит не еттiң?-дейдi,
-Алып шығып елсiзге кеттiң!- дейдi.
-Бiрiң көрдім , бiреуiң естiдім - деп,
Зәремдi алып түбім е жеттiң!- дейдi?


Онда екеуi шап бердi жалаңашқа:
-Табылса ортақ боласың даяр асқа.
Елден бұрын  алақтап тұра қашып,
Нең бар едi сонда артық бiзден басқа?!


Жалаңаш екенiңдi жұрт көрiп тұр,
Менi алар деп келсе жау қылдың ғой қор.
«Етек -жеңім  ұзынң,-  деп мақтанасың,
Киім  жоқ, етек-жеңiң қай жақта жүр?!


Өңiрменен тауып-ақ  жаға-жеңдi,
Жұртқа айтсайшы сонан соң “етек кеңдi”.
Киім iң жоқ үстiңде тонайтұғын,
Жау алғанда, алады сенiң неңдi?!


Жақ-жақ болып үшеуi қылды керiс,
Ауыр тидi бұларға ендi жүрiс.
Басы жұмыр пенде боп жаралған соң,
Бiлгеннен, бiлмегеннен өтер бiр iс.


Көп сөйлеп қызыл тiлім  болып тұр  iй,
Бардан-жоқтан сөз сөйлеп шертемін күй.
Жолаушы өткен, кеткен паналайтын,
Бұларға кез болыпты кең сарай үй.


Бұл үйге кiрiп келсе бұл үш батыр,
Дәнеңе жоқ, бiр мүжiлген жемтiк жатыр,
«Аш атасын танымасң- деген сөз бар,
Аузына не тисе де балдай татыр.


Бiр жемтiк тақыр тидi болып қалған,
Талай қарға-құзғындар ауыз салған.
Ауыз жарыр етi жоқ бiр қу сүйек,
Ұшқан құс, жүгiрген аң қорек алған.


Елсiзде  кез ғып құдай душар еткен,
Болмайды аш, душар боп бұған жеткен.
Құста сұңқар, болмаса аңда арыстан,
Кем шығар бұл жемтiктен татпай кеткен?!


Сатусыз табылған соң бостан-босқа,
Қылуға ортақ қимайды қас пен досқа.
Кететiн көрiнген ит  бiр кемірiп,
Бiр жатқан ортақ жемтiк ит пен құсқа.


“Құс пенен жоқпыз ба,- деп,- бiр ит құрлы?!”
Кешкен соң бастан заман қилы-қилы,
Сақтаулы сырбазының етiндей-ақ,
Бас салды көрген соң-ақ бұл үш сорлы.


Тұяқты арыстандай серпiп салып,
Жегендей жаңа тоят қолдан жарып.
Кенелдi емін-еркiн тиiп қолға,
Бас салып бiр жемтiктi ортаға алып.


Жерге ет жоқ ауыз жарыр, ал кемірдi,
Тас, ағаш шайнағандай ол темірдi.
«Қарыны қайғысыздың тоқң,- деген бар,
Жеуменен емін-еркiн құп семірдi.


Жарасып ендi қалжың-ойындары,
Ашық боп бiр-бiрiне қойындары.
Ыңқылдап тойғандықтан жүре алмайды,
Жуандап бордақы иттей мойындары.


Көрiсiп бiр жемтiкке  жұрт пен елдей,
Ойына онан басқа дәнеңе келмей.
Зорайды денелерi өсiп әбден,
Жуандап, күжiрейiсiп, болып пiлдей.


Өлгенше жеуден  аузын тыймас болды,
Еш досқа, туысқанға қимас болды.
Соншама семіздiгi шектен асты,
Отырған үйлерiне сыймас болды.


Бұл дүние бiр күн базар, бiр күн мазар,
Болам деп  әр күн  базар,  содан жазар.
Өзi бай,  өз үйiнде өзi батыр,
Үй түгiл,  сыйып жүрдi жалғанға азар!


Ойда жоқ шығуға үйдiң тесiгiнен,
Жалғанның  тырп етпеске бесiгiнен.
Кеткенiн шығып не ғып бiлмей қалды,
Бiр жапсар үйдiң титтей тесiгiнен.


Үшеуi басын қосып келген бiрден,
Сөз  естi жиһан кезiп жүрген ерден.
“Есiктен сыймаймыз ғой!”- деп жүргенде,
Иненiң жасуындай шықты жерден.


Жөнелдi бiр қайырылып тiлге келмей,
Болдырып тұрып қалды шаппай, желмей.
Есiктiң бар- жоғын да  байқай алмай,
Кеткенiн қайдан шығып қалды-ау бiлмей!


Жолаушы жатқан өтiп, бұл бiр- тесiк,
Шығады мыңнан бiреу тауып есiк.
Бiле алмай қайсысынан шығарымды,
Болып тұр  Мұны айтудан тiлім  кесiк.


Келмейдi тiптi шыққым, салса өзім е,
Көрiнiп екеуi де  тұр көзім е.
Жүрген соң өз тiлім дi өзім  алмай,
Сүйсiнiп құлақ салсын кім  сөзім е?!


Бұл сөзге түсiрейiн түстей жорып,
Түсiрмесем, шаршайсың дымың құрып.
«Бiз үйден кетпеймізң,- деп отырғанмен,
Ажал тұр  алдымыздан бiздi күтiп.


Десеңiз,  бұл қай тесiк, өлім  жолы,
Тұрсың ба көзiң барың көрмей соны?!
«Өлім  жолы иненiң көзiндейң,- деп,
Аятпенен  айтып тұр құранда оны:


“Кім  тұрар өзiн-өзi  тыйып?”- деген,
“Жалғанды кету қиын қиып”- деген.
“Өлім  жолы иненiң жасуындай,
Түйе болса,  кетедi сыйып!”- деген.


Бәрi де келген жанның кетiп жатыр,
Не пайда бұл жалғаннан өтiп жатыр.
Үш ұйықтаса ойда жоқ бiр тесiктен,
Қанша керуен  шұбырып өтiп жатыр!


Басты бiр көтеру жоқ, ұйқы басып,
Оятар ерiксiз бiр күн ұйқыңды ашып.
Бар бол, жоқ бол, айқасып сол тесiкпен,
Бiр қалыңдық ойнарсың қол ұстасып.


Манағы үшеуi кім  едi болған жолдас,
Ондай болып бас қосса ешкім  оңбас!
Бiрi дүниеқоңыз едi, көзi соқыр,
Болған оңбас соқырмен айлас, мұңдас.


Жалған дүние кеткен соң көздi жауып,
Оңай емес ендi алу жолды тауып.
Халықтың  ғайыбын көруге бек қырағы,
Бiр алуға бетiңнен итше қауып.


Керек iстi көрмейдi өз басына,
“Соқыр”- деп, салдым соны сөз басына.
Дәнеменi өз көзi  көрмеген соң,
Жұқтырар соқырлығын жолдасына.


Күн ашылды , көрiнер ендi бойың,
Асықпасаң әзiр тұр, міне, тойың.
“Керең саңырау- дегенім - құлағы жоқ”-
Таусылмайтын ұшы жоқ ұзын ойын.


Бәрiн өзім  бiлем деп жүредi сол,
Жан жоқ боп ақыл, ойға өзiнен мол.
Өз жанынның пайдасын естім ейдi,
Естiр болса, жүрiс бар- бiр сапар жол.


Бұл сөзімнiң балы бар, уы аралас,
Ойлаймысың бiр iске деп жарамас?!
Келiп пе едiң жалғанға киім  киiп,
Тумап па едiң анадан сыр жалаңаш?!


Сыбағаңа тұрған жоқ киім  тиiп,
Бәрiн тастап кетесiң бiр жерге үйiп.
Жұрт есiркеп үш қат бөз орамаса,
Киім iң жоқ  кететiн тағы киiп.


Бiрталайға санасаң келдi жасың,
Шөпке тұрған қырау ма баста шашың?!
“Ұзын- деумен етегім !” - өттi өмірiң,
Ойда жоқта тiптi тұттай жалаңашың!


«Менiкi!»-деп меңгерiп бұ жалғанды,
Келтiрем деп ыңғайға ойға алғанды,
Көрiнгеннен қызғанып алып қашып,
Талай көрдiң  дәнеңе жоқ құр қалғанды!


Дүниеқордың болады екi бауыры,
Саңырау, соқыр, жаңғырыққан күнде даулы.
Күнде үрейi ұшады зәресi жоқ,
Қызылбас пен  қалмақтай  боп өз ауылы.


Қаламның жарып iшiн,  ұшын кесiп,
Кигiзген қара сөзге киім пiшiп.
Заты -Арғын,  нәсiлi- қазақ,  ұраны- алаш,
Көпеев- фамилиясы, Мәшһүр -Жүсiп!



Нәпсi аждаһа

Дүние, ойлай берсем, жалған дейдi,
Әркім дi әлекке тек салған дейдi.
Дүниенi өле-өлгенше қуып-қуып,
Ауызы аңқиып [құр босқа] қалған дейдi.


Хикаят сөз бастайын әуел бастан,
Бұл күнде жүйрiк қайда таптан асқан?!
Сөзім дi құп тыңдайтын ғазиз болса,
Хикаят сөз жазайын  бiраз дастан.


Заманды жылдан-жалға қуландырды,
Бойыңды алтын-күміс буландырды.
Келгенде жүз-тоқсанға  бiр өлім  бар,
Көзiңдi әлi-ақ бiр күн  суландырды.


Дүниеден неше-неше өттi-ау жандар,
Құдайдан зар жылайды қорыққандар.
Кеудемде түрлi-түрлi уақиғам бар,
Айтайын, тыңдасаңыз, жарандар!


Өтiптi бiзден бұрын Мұрсалдары,
Дүниеден өтпеймін деп соның бәрi.
Қызығы бiр күнгiдей  болмайды екен,
Патшалық, тақта тұрып, құрсаң-дағы!


Арасы – топырақ пен алтын, күміс,
Ағаштың бәрiне де  бiтпес жеміс.
Бiреу-бай, бiреу-жарлы, бiреу-кәрiп,
Дүниенi жаратқан жоқ тiптi тегiс.


Алтыннан жер астында кім ге пайда?
Дүниеде ажал келсе, болмас айла,
Болмағың жақсы-жаман Құдiреттен,
Шөп шықпас,  су жүрмесе терең сайға!


Бiз-түлкi, ажал бүркiт қоймайтұғын,
Нәпсіміз- бiр аждаһа тоймайтұғын.
Күнәмыз-  мықтап тиген ол- бiр киім ,
Нәрсеге одан басқа болмайтұғын!


Тiліміз- өткiр қылыш қойған қайрап,
Жұтады отыз тiсiң, нәпсiң шайнап.
Тамырың алпыс екi-жiп секiлдi
Бекiтiп дүниенi қойған байлап!


Бес қымбат

«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген,
«Ақырет iстерiне (ишларына) инан!»- деген!
«Құдай кешiрер!»-дегенмен, iс бiтпейдi,
«ИМан шартын бiлмесе, есен(ибан)»- деген.


«Екiншi керек нәрсе- ғақыл» –деген.
«Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр!»-деген.
«Аз iске ашуланып , дiнiн бұзар,
Иманын кәпiрлiкке  сатар!ң-деген.


«Үшiншi қымбат нәрсе- сабыр!»-деген,
«Сабырлысы Мұратын табар!»-деген.
«Әр iсте сабырсыздың тәубе-зорлық,
Сабырсыздық басқа пәле  салар!»-деген.


«Төртiншi, қымбат нәрсе шүкiр»-деген,
«Нығыметке шүкiрсiздiк-күпiр!»-деген.
Жатқан жерден: «Құдай кешiр!»- деген-қорлық,
«Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!»-деген.


«Бесiншi, қымбат нәрсе-әдеп»- деген,
Әдепсiзде иман тұру ғажап!»-деген.
«Кәпiрлiк- әдептiде тұрмағандай,
Әдеп деген Махаббатқа себеп!»-деген.

Қиянат

Жақсы қыз бозбалаға пар болғандай,
Жiгiтi душар болса, жар болғандай!
Теңi емес бiр жауызға (пасыққа) берсе егер (агер),
Көңiлi көтерiлмей, зар болғандай!


Ғұмыры қызықлықтан зайғы болып,
Мысалы кең дүниесi тар болғандай!
Жетпейтiн  төстiгiне көп жамандар
Өлгенде әлдеқандай таң болғандай!


Сатылып кейбiр қыздар кете барар,
Бағасы ғазиздiкi мал болғандай!
Қожасып: «Мал бердім!»- деп жаман шiркiн
Жайы бар: байқап тұрсаң, паң болғандай!


Бейшара өздiгiнен  жол таба алмай,
Ғазиз бас ауырланып даң болғандай!
Көрiнiп кәрiп халi тұра алмас ем,
Бiр Міскiн халық iшiнде жан болғандай.


«Бұзылды  пәленшенiң қызың- десе,
Өзiне көрiнедi ар болғандай!
Көлденең ағайындар ұнатпайды,
Хаққа соның үшiн  лаң болғандай!


Жұрт қалып осылардың обалына,
Секiлдi алушыға мал болғандай!
«Жалғанда  қорлықпенен өттім  ғой!»-деп,
Көзiнен аққан жасы қан болғандай!


Көндiрiп  ғадiлдiктi жүр ғой қазақ,
Көңiл қайда жарқ етер шам болғандай!
Келе Ме осы iсіміз дұрыстыққа,
Көркiңе көрiнсе де , зар болғандай!


Адамды мал орнына жұмсауымыз
Бiр емес, бар қазаққа  ғам болғандай!
Қай күнi бұл қиянат тоқталады,
Бiр емес, халық iшiнде сан болғандай?!


Иа шариғ[ат] , иа низамға дұрыс та емес,
Қазақтың қағидасы заң болғандай!
Бұл сөзім  бiреуге емес, көпке бiрдей,
Қажетi кім ге болса, сол алғандай!


Мысалы, кiшi(кеше) болса- аңғартқаным,
Осы хал өз басында пар болғандай!
Тең болып екi зайып қосылса егер,
Арман не, ол уақытта, а, дариға-ай!


Жарты нан

Айтатын құран сөзiн  молда қайда?
Дүние үшiн ойлағаны амал, хайла.
Айтайын бұрынғының нақыл сөзiн
Қайырдан аз да болса көрген пайда.


Дүние өтер бәйге атындай  желiп шауып,
Шөп шығар тақыр жерге жаңбыр жауып.
Бiр жаяу жолаушы боп келе жатып,
Бiр сандық жарқыраған алды тауып.


Қуанды алтын ғой деп көрген заман,
Ұмтылды алайын деп соған таман.
Жалтырап жатқаннан соң қолына алды:
“ Кез болды жоқ жерден- деп-қайдан маған?!”


Сандықтың, ала сала, ауызын ашты,
Сап-сары көрдi iшiнде алтын тасты.
“Жоқ жерден бердi ғой-деп-құдай маған!”
Шаттанып қуанғаннан судай тасты.


Қуанып ол сандыққа салды қолды,
Қолына алып едi, жылан болды.
Бiр сәтте өсiп кеттi айдаһардай,
Таппады құтылуға қашар жолды.


Жылан айтты:
-Сен қайдан душарластың?
Жай жатқан сандық едім , ауызымды аштың.
Тiрiлттiң менi қозғап қолыңа алып,
Құйрығын жатқан жылан өзiң бастың.


Қолыңа алдың ойлап ненi?-дейдi,
-Осынша әуре қылып менi!- дейдi.
Ауызға ашылған соң қорек керек,
Жұтамын ендi амалсыз сенi,- дейдi.


-Мекенім  едi менiң сандық iшi,
Жоламай кетушi едi милы кiсi.
Тынбайтын қолға алғанның басын жұтпай,
Құдайдың бұл әзелден жазулы iсi.


Кез қылды сенi құдай маңдайыма,
Бұйрықты болғаннан соң таңдайыма.
Сен менен құтыламын деп ойласаң,
Сыйғызып бұрынғыдай сал жайыма.


Бекiтiп бұрынғыдай ауызымды жап,
Боламын өсе берсем  мен күһi қап.
Ендi сенi  жұтудан басқа iсім  жоқ,
Кәнеки, болысатын кiсiңдi тап!


Қайралып шықыр-шықыр азу тiсi,
Қарасы көрiнбейдi таудан кiшi.
Әлсiреп, сасып адам тұрғанында,
Көрiндi көз iшiнде отыз кiсi.


Қуанды бердi ғой деп құдай жәрдем [жардам],
Табылды бiр отыз жан жоқтан, бардан.
Жалынды  байғұс жаяу алдын тосып:
-Құтқар,- деп,-мен сорлыны айдаһардан!


Мән-жайын бастан-аяқ көрдi байқап,
Айдаһар жолатпайды бәрiн жайқап.
Бәрi де көп тұра алмай кете барды:
“Болмас, болмас!”- дестi де, басын шайқап.


-Келедi қалай жұтсам, саған шамам,
Бастырман аяғыңды жалғыз қадам!
-Деп ақырып айдаһар тұрғанында,
Кез болды құдай айдап бiр бес адам.


Жалынып оларға да жылап бақты,
Зар тұтып,  басындағы мұңын шақты.
-Бұған бiр амал-хайла табыңдар!-деп,
Қарасып бiр-бiрiне иек қақты.


Бiрi айтты:
Бұл айдаһар, емес кiшi,
Жиылса, бүтiн дүние  жетпес күшi.
Бесеуміз  бұған айла, не табамыз?
Бiз түгiл түк қылмапты отыз кiсi.


Келмейдi саған лаж [ғылаж] қолымыздан,
Алмайды, берсек, ат пен  тонымыздан!-
Олар да  аяңдасып кете барды:
-Өзіміз қалмайық,- деп,-жолымыздан!


Айдаһар ақырумен жақын келдi,
Өлерiн сорлы жаяу анық бiлдi.
“Кеттім  ғой су түбiне!”- деп тұрғанда,
Селтеңдеп бiр жарты адам шыға келдi.


Басына бiр қиын iс түскен шағы,
Тынбайды жалынудан тiл мен жағы.
“Тал қармар суға кеткен”- дегендейiн,
Жалынды жан хайласы оған-дағы.


Жарты адам  ыңғайланып тұра  қалған,
Сөзiне мұның айтқан құлақ салған:
-Айдаһар, айтқаныңның бәрi өтiрiк,
Нанбаймын мен орынсыз сөзге жалған!


Қыспаққа бұл сорлыны алып тұрсың,
Сен қалайша өтiрiкке нанып тұрсың?
“Iшiнде көздей сандық жатып ем”,- деп,
Жоқ жерден  бiр пәленi салып тұрсың!


Ынсапқа қарасайшы есiң жиып,
Өтiрiктен ау жасап, бұрыш қиып.
Көрiнген мынау тұрған денеңменен
Жатасың сен сандыққа қалай сыйып?


Нандырдың  талай жанды таңырқатып,
Өтiрiгiң болды әшкере, таңдай атып.
Сөзiңдi әуел маған рас қылшы,
Сандықты қылдың мекен, қалай жатып?


Жұлқынды, айдаһарды ашу қысты,
Жұлындай түтiн болып аспанға ұшты.
Түтiннен ұшқын болып көзге түсiп,
Сандыққа ұшып келiп қайта түстi.


Ойда жоқ жерден ойлап амал тапты,
Сандыққа айдаһарды сүйтiп сапты.
-Бәрекелдi, айтқаның рас екен!- деп,
Сандықтың, тарс еткiзiп, аузын жапты.


-Құтылдың халас,- дейдi,- мұнан аман,
Бұл өзi малғұн едi сондай жаман.
Маңына ендi қайтып жолай көрме,
Қарасын анадайдан көрген заман.


- Жүрегім  менiң қорқып, дүрсiлдейдi,
Сен не еткен  тайсалмайтын ерсiң?!- дейдi.
-Перi мен перiштенiң бiрiсiң бе?
Жөнiңдi айт, жаным, жарты кiсім ?!-дейдi.


-Ақымақ, ақылың жоқ сенiң өзiң,
Осыған жетпей тұр ма әлi көзiң?!
Не дейсiң, бұл айдаһар, дәнеме емес,
Аузыңнан абайсызда шыққан сөзiң.


Жамандық алтындай боп түсер көзге,
Қызықты нәрсе жоқ боп онан өзге.
Аузыңнан бiр жаман сөз шығып кетсе,
Қаларсың әр орнында жанжал сөзге.


Жамандық қайдан туар, тiлден туар,
Әркім   де ғақыл болса, тiлiн буар.
Шығарсаң бiр жаман сөз сен аузыңнан,
Артыңнан айдаһар боп сенi қуар.


Оразаң отыз күнгi- отыз кiсiң,
Бес кiсi- бес намазың,  бiлемісiң.
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,
Бұлармен дәнемеге келмес күшiң.


Қысылды, мен болмасам, шыбын жаның,
Дәрменiң қалмап едi, құрып әлiң.
Танып қой, танымасаң, мен боламын,
Дүниеде қылған қайыр- жарты наның!


Шықпаған, сараңдықтан,  бүтiн- қолдан,
Қалмас ең болса бүтiн, мұнша жолдан.
Дүниеде  қылған қайыр ықсаныңыз,
“Тар жер, тайғақ кешуде” пана болған.


Бозбала, бiр көрерсiң өлім  бетiн,
Тiл алсаң, өлім  бетiн көрмей, күтiн.
Өлім нен күнi бұрын күтiнбесең,
Бұрқылдап әр тесiктен шығар түтiн.


Жиылса бiр араға тамам түтiн,
Түтiннiң не болатын көрдiң бетiн.
Қайыр, ықсан, сауапты,- жарты қылмай,
Қыла гөр күнi бұрын соны бүтiн.


Жеміссiз, құр қақайған болма терек,
Басқаға, бiр отыннан, неге керек?
“Ал хасанат из һыбын алсиат”- деп,
Мағынасын бұл аяттың бiлсең керек.


1880 ж.

Анама хат

Алланың бiз сыйындық панасына,
Баянтау бара қалсаң қаласына.
Сәлемдi  жолыққаның көп айтыңыз:
Мәшһүрдiң кәрiп (ғарыб)  болған анасына!


Талпынған дiнге Мәшһүр iштен туа,
Сол кеткен атасының жолын қуа.
Шар кардан ғайып болып жиһан кезген,
Бiз пақыр баласына қылсын дұға!


Дүниеде көп жүргенмен, келмен жүзге,
Жақсылық берер ме екен құдай бiзге!
Әрқашан дуасынан тастамасын
Сөзім  жоқ айтатұғын онан өзге!


Түзелген дiн жолына  менiң бетім ,
Жүргiзген осылайша Құдiретім !
“Сәлемдi қайта-қайта айтты!”- деңiз:
Балалар- қалған бiзден тiрi жетім .


Тапсырдым бiр Құдайға мен басымды,
Өткiздім  кәрiплiкпен дер жасымды!
Қаңғырып жапан түзге шығып кеттім ,
“Бiр Алла көрер ме-деп-көз жасымды!”


Ешбiр жан бұл сырымды сезбей қалған,
Балалар кемелiне келмей қалған.
Арманда балаларға дұға деңiз
Қызығын атасының көрмей қалған!


Бiр сапар талап ойлап шықтым мен жол,
Жалғанда өлiп кетсем, арманым мол!
Тiрi боп, көремін бе, көрмеймін бе,
Құлболды, қайран жұртым, хош-аман бол!


Мәшһүрдiң дүр төгiлер таңдайынан,
Пенденi Хақ жарылқар қандайынан?!
Жар-досқа-есiне алған- бiзден сәлем
Сипасын жетім дердiң маңдайынан!


Сөзім  жоқ айтатұғын мұнан басқа,
Келгенде, не бiтiрдiң, мұнша жасқа?!
Жар-досқа есiне алған дұғай сәлем
Айтайын қайсы бiрiн басқа-басқа!


Жазушы осы  сөздi- Мәшһүр-Жүсiп,
Әр түрлi бара жатыр күйге түсiп.
Айыпқа бұйырмаңыз, оқыған жан,
Барамын тоқтай алмай, көңiл көшiп!


1888 ж.

"Мәшһүр" атты қалай алғандығы туралы

Алланың бiз сыйындық панасына,
Баянтау бара қалсаң қаласына.
Сәлемдi  жолыққаның көп айтыңыз:
Мәшһүрдiң кәрiп (ғарыб)  болған анасына!


Жалғанда бiр еңбегім  жанбаған жан,
Тiлім дi жан деп адам алмаған жан.
Тапталып надандардың табанында,
Сәулесi, болмас мендей, қалмаған жан.


Атамыз берген екен әуел баста,
Мектепке доңыз жылы дәл бес жаста.
“Ысмайыл қызыл ағашы”- деген жерде
Бес шақырым жерде ауыл: Бұзаутаста.


Медресе Баянаула қаласында,
Амалсыз, атаң қайтса, қаласың да.
Ойлайсың:” “Кім  болды,-деп,-бiзден кәрiп,
Жиылған көп шәкiрттiң арасында?!”


Сонда Молда Нәжмеддин хазiрет екен,
Дәл сол қыс Баянтауды қылған Мекен.
Қалаға бiр қыс қыстап, пәтер алып,
Сәтқожа екен, Молда ұстап, қылған дүкен.


Бес жаста несiп болып бiзге дүкен,
Биқисап көрдiк тағы қанша тiкен?!
Нәжмеддин хазiрет сүйiп шын көңiлiсен:
“Бұхарлығым!”- деп лепес қылған екен.


Бел босанбай өмірде бүгiлуден,
Көз жасы бiр тыйылмай төгiлуден.
Себебi: “Бұхарлығым” деп айтқаны,
Қаққан қазық сияқты жүгiнуден.


Артына мінгестiрiп алып келдi,
Бес жаста бес шақырым жерге бердi.
Ал, әкесi қайтқанда ендi үйiне,
Соңынан жүгiрмей ме жас бала ендi?!


Атамыз дiн жолына белiн буды,
Бұл Мәшһүр сол секiлдi ерден туды.
Көшенiң қақ басынан  қуғанынан,
Жеткенше медресеге атпен қуды.


Басқа қамшы тиген соң, жаман састым,
Қорғаларға жер таппай, әбден қаштым!
Медресеге қуып кеп, бiр-ақ тықты,
Қайтып әкем деместей, амандастым.


Байжан хазiрет көшесi- қуған көше,
Қамшымен шықпыртқандай әлденеше.
Енесiнен түңiлген жас қозыдай,
Кім  ойлапты: “Бар ғой,- деп- әке-шеше!”


Ұмытпаймын: торы ат бар сонда астында,
Атамыз шын ниетi дiн қасында.
“Кел, түйебас қылайық!”- деп балалар,
Бiз жатамыз бәрiнiң ең астында.


Ауыл әлi баяғы Бұзаутаста,
Балалардың таяғы бiздiң баста.
Шөкелұғлы Дүржанбай халфе болды-
Келер жылы, онда бiз алты жаста.


“Жетi жаста,-деп сұра- болдың қайда?”
Дүние-жастан келген жоқ бiзге  майда.
Төртуыл-халфе тұрған Қызылтауда,
Орманшы- “Қожан сопы”- деген жайда.


Туғаннан кәрiплiктi  тудық   ұстай,
Адасқан, бау-бақшадан, бұлбұл құстай.
Халфенiң Бибiсiнен сабақ алып,
Өткiздiк өмір сонда ала қыстай.


“Болам-деп-тiрi жетім !”-кім  ойлаған?!
Бiздi үйге-ата-анамыз бiр қоймаған.
Жерден майда, бiз жұмсақ болдық сол күн,
Балалар үстімізде көп ойнаған.


“Шар кiтап”- алты жаста ұстағаным,
Сол күнде өлең жаттап қостағаным.
Екi жыл-Баян, бiр жыл Қызылтауда,
Үш жылдай түнеп түзге қыстағаным.


Үйренiп бала жастан бiлдім  тiлдi,
Сабадым шар кiтапты мен жатқа ендi.
Үш жастан соң орнығып көре алмадым,
Туған жер мен ағайын, бауыр елдi.


Қой жылы бала екенмін жерге түскен,
Кiндiгім  Қызылтауда Тоқтық кескен.
Тауықта жұтап қалып малдан таза,
Жаз шыға Баянаула тауға көшкен.


“Мәнi”-оқыған жоқ менен басқа бала,
Араб, парсы өлеңдi жатқа және (жана).
Самардай қақсағаным-бар жазығым,
Үш жылдай жер аударды ата-ана.


Бiр жерде жын бар десе, “оқу”-атты,
Жалма-жан даярлайды әкем атты.
“Тимешi, үйде отырсын!”-деп, айтпайды,
Шешем қандай, мінезi тастан қатты?!


Көзім  жасын Құдайым иген емес,
Жастан Маған жақсы орын тиген емес.
Бiр жыл жатып бiр жерде, келсем үйге,
Шешем иiскеп, бетім нен сүйген емес.


Жас та болып көргем жоқ құнды, пұлды,
Бала бiткен бәрi де менен оңды.
Талай елдiң баласы тулақ қылған,
Қыс болса үстім дегi қатқан тонды.


Ауызы ашықтар аямай көп сабайды,
Пейiлім е өзім нiң дөп сабайды.
“Сен сабақты аласың жылдам-жылдам,
Бiзге молда ұрсады!”- деп, сабайды.


Жазығым сол:   зерекпiн, неген  емен,
Несие сөз жасымнан деген емен.
Сабақ бiлмей, болмаса ойын ойнап,
Мен таяқты Молдадан жеген емен.


Ас келмейдi алдыма толық аяқ,
Бес пен алты, жетiде жүрдім  саяқ.
Қайда басы құралған көп баладан,
Тойып жүрдім  жеуменен күнде таяқ.


Бейнет беру жағына Құдай мырза,
Құдай өзi берген соң, ни как нельзя!
Ойнағаны- қылады ақтүйебас,
Шындағаны-шыңғырған даусыма риза.


Алды-артымда серiк жоқ, жалғыз өстім ,
Бес жаста кәрiплiкке тұтқын түстім .
Жаға кiр, шыбын-маса бiзде қонақ,
Жең дал-дал, түте-түте болып өстім .


Бiр үш жыл ұдайымен  солайша өттi,
Өлмей тiрi жүрумен сегiз жеттi.
Құдiретi Құдайымның ерiксiз айдап,
Келтiрдi Баянтауға хазiреттi.


Атамыз үй салуға талап еттi,
Бала үшiн күзетем деп бiр мешiттi.
Тауық жылы салам деп бастаған үй,
Кемдiкпен шатырсыз боп, сол жыл бiттi.


Қыстады мешiт түбiн, салған үйiн,
Көңiлiнде бiздi оқыту болып түйiн.
Молдасы, Дүржанбай, халфе-салпе,
Олардың бiз тауыстық гөй-гөй күйiн.


Тұрмай ма Баянтауда хазiрет ендi,
Мерген Жақып үйiне пәтерге ендi.
Гөй-гөйдi тауыстым ғой деп тұрғанда,
ӨМірге таусылмайтын дөй-дөй келдi.


Елудiң тоғызына келген жасы,
Он тоғызда, жалғыз ұл, бар баласы.
Бiр қызы бар тоғыз жасар Бибiсiнен,
Төрт-ақ жан бiр үйлi болған басы.


Қалаға, Баянаула, бүгiн келдi,
Апарып ертеңiне менi бердi.
Менен басқа оқыған бiр бала жоқ,
Жарыдым Мен әке мен шешеге ендi.


“Биданнан бек бiл!”- деумен сабақ бердi,
Мен екi айтқызбаймын бiр сөздi ендi.
Ағузы, бисмилланы мәнiсім ен,
Қызығып үйрететiн жөнi келдi.


Ғылымды он екi пән өзi бiлдi,
Кiсi едi: сөзге ұста, шешен тiлдi.
Айтқанын доптай қағып түсiрмейтiн,
Алдына дәл өзiндей бала келдi.


Еңбегiн жандыруға Құдай бердi,
Кезсе де, көре алмаған талай жердi.
Сөзi жерде қалмасын бiлгеннен соң,
Үйреттi күн-түн  демей төгiп ендi.


Баласын серiк қылып бiрге қосты,
Берген соң Құдай қолға қыран құсты.
Құлболды- ишан баласы: Фазыл, Мағзұм,
Өткiздiк осы үшеуміз бiр жыл қысты.


Көз, көңiл құлын жастан нұрға тойған,
Таусылмас көл, теңiз қып Құдай қойған.
“Хазiреттен сабақ алып, оқысын!”-деп,
Күттiрiп [көшiрiп] Мұса мырза бiр қыс қойған.


Сойдырып ту бие мен семіз тайды,
Үйдiрiп жан-жағына қант пен шайды.
“Алдында тiке тұрып, [қызмет қыл] күтiп тұр!”-деп,
Сатылған, жалдап берген, Баянайды.


Жарасып екi Мағзұм қатар жүрген,
Сауық пен, ойнап-күлiп, дәурен сүрген.
Бiз жүрдiк екеуiнiң ортасында,
Итiндей Асқап, Кәһап соңына ерген.


Не керек ендi бiзге: ұйқы, тамақ?
Ет жеусiз тұрумен[ен] қалды табақ.
Үш-ақ жанбыз ең алғаш келген жылы,
Хазiреттен ала қыстай алған сабақ.


Сол қыста көзi ауырып, хазiрет жатты,
Қиналып өз жанына жаман батты.
Немене “Бидан”- деген сөз бе оларға,
Жатқа айтып, жүндей сабап тарсылдатты.


Жазады үйренгенiн Мәшһүр хатқа,
Өлеңдi жүре бердi соғып жатқа.
“Бiр бала iштен қақсай туыпты!”- деп,
Iлiндi жұрт аузына сол күнде атқа.


Ал, ендi аға бердiк болып бұлақ,
Бермедiк тыңдаушыға тыныс, қонақ.
“Сарып, нақу”- деген оқу бар екенiн,
Қазақта естім еген бұрын құлақ.


Нұр болғыр жатқан жайың, қайран, Мұса!
Балалар, шамаң келсе, маған ұқса!
Жазылған хат жүзiне қаламменен,
Қазақта еш болмаған өлең, қисса.


“Тарғын” мен  “Қозы Көрпеш” шықпай Ма ендi?!
Кім  бiлген оқып бұрын мұндай тiлдi.
Өлеңi “Төрт жiгiттiң”- қосақталып,
Хазiреттiң үйім енен бiрге келдi.


Көргеннен оны Мәшһүр жазып алды,
Соқтырып жұрт алдына жатқа салды.
Ауызынан сiлекейi шұбырумен,
Тамаша, естiген жан (жұрт) аң-таң қалды.


“Сөйле!”- деп, ұмтылып тұр бiздiң өңеш,
Тiлім  тағы тақылдақ, көмес емес.
“Көпейдiң бiр баласы қақсап тұр”- деп,
Сол күнде жұрт аузында болдым кеңес.


Күнi едi аға сұлтан сол күнде ендi,
Баянтау қаласына Мұса келдi.
Алдына көремін деп алдырғанда,
Тынбастан жазған Мәшһүр қақсай бердi.


Парасат нұрыменен әбден бiлдi:
-Қаққай,-деп,-Құдай мұнан көз бен тiлдi!
-Мынау Мәшһүр болатын бала екен!-деп,
Ер назары тиюмен нәфiс қылды.


-Ей, сопы, бұл балаңды жақсы бақ!-деп,
-Не болсын мұнан артық тiл мен жақ?!- деп.
Аяумен мейiрi  түсiп, бұлайша айтты:
-Балаңа мнан былай үкi тақ!-деп.


Жалғанда аз күн тiрi тұрсын!-дейдi,
-Қандырар талай құлақ құршын!-дейдi.
-Мынау не ғып тұр деп сiлтемедi,
Бақыр-ай, көп жасағыр, болсын!-дейдi.


Сол күнде айтқан сөзім  жұртқа жақты,
Ерлер, назар қылған соң сондай бақты.
Қызының басындағы  бiр тал шоғын,
Қолымен Бибi  Мәриям өзi тақты.


Табылды маған қамқор ата-ана,
Туысқан бауырдай боп Мағзұм және (жана).
Көз ашылды, жүзім е нұр шашылды,
Сүйкім дi, көрiнгенге, болдым бала.


Бетім дi бiр жан ендi қаққан емес,
Ұстазға ешкім  мендей жаққан емес,
Ұcтаздың жамағаты қойнындағы,
Қызынан  бiр елi кем баққан емес.


Көңiлім де сайрап тұрған бәрi дайын,
Менен аяп көрген жоқ көздiң майын.
Ғабдолла, халфе қызы- Бибi Мәриям,
Аты аузымнан қалмайды жұма сайын.


Солардың сонда түскен Махаббаты,
Сүйсiнген, артылумен жан ләззаты.
Ерден, пiрден iлтипат, назар болып,
Мәшһүрдiң жұрт аузында қалған аты.


Қыс өттi, жер жiбiдi, жердiң үстi,
Қаладан хазiрет үйi елге көштi.
Мұстафа- болыс, Мұса-дуанбасы
Шорманның ордасына барып түстi.


Дүниеде табылған соң Мұндай молда,
Атамыз не сақтасын бiздi қолда?!
Бiр көк қасқа құнанға мінгiздi де,
Апарып тастап кеттi тағы сонда.


Мұстафа Шорманұлы, өзi- болыс,
Ұстаған Молдасы бар, Молда Жүнiс.
Күтуге хазiрет үйiн міндеттенiп,
Бiр жазша iргесiнен берген қоныс.


Хазiреттен оқымайды ұсақ бала,
Бала жоқ менен басқа тағы және.
Мұқтасар, Шарық Ғабдолла қоса оқумен,
Оны есе тұтпаймын, деп: “Аз ғана!”


Хазiреттiң он жас үлкен ұлы менен,
Және артық қадiр, пұлы, құны менен.
Шорманның көп тобына кiргеннен соң,
Мен қалай бiр жүре алам оныменен?!


Мәшһүрдiң жас шамасы тоғыз кезi,
Менім ен түйдей құрдас жалғыз қызы.
Ұл Мен қыз бiрге жүрiп көрген бар ма,
Қаңғыды тағы Мәшһүр жалғыз өзi.


Үй тола бала оқытқан молда Жүнiс,
Барады қаңғып Мәшһүр қылып жүрiс.
Барғанмен үндемей жай отыра ма,
Шықпай ма айтысумен жанжал, керiс?!


Ауызын “ә” дегiзiп, аштырмаймын,
Айтысуға келгенде, бас бұрмаймын.
Хазiреттен естiп, бiлген жат сөзбенен,
Бала түгiл молдасын бастырмаймын.


“Ей, сенi ме?!”-десумен кiжiнедi,
Мәшһүрдiң өзi не едi, сөзi не едi?!
Тамам бала оқудан шығып алса,
Жазған Мәшһүр  тапталып езiледi.


“Ал, қылайық,- деседi,- ақтүйебас!”
Мәшһүрдiң бiр шықпайды көзiнен жас.
Ең аяған-астынан тұрғызып ап,
Бар болған болысқаны: “Ал,-дейдi -қаш!”


Маған сонда жоқ шығар тимеген қол,
Мұстафада бықыған ұл мен қыз мол.
Бiр Ақбура: хазiреттiң жалшысы бар,
Адамзатта аяйтын жалғыз-ақ сол!


Аяғанмен жете ме әлi көпке,
Бiр өшiксе, көп бала көне ме епке?!
Балалықта басымнан өткен күндi,
Қалай тiзiп сөйлейiн бәрiн жiпке?!

Аямастан Құдайдың бергенiн бiл,
Қыздар қалды тiрiдей әр жерде тұл.
Сонда аямай-ашымай ұрған жандар,
Тiке тұрды алдыма қусырып қол.


Айналайын Құдайдан қылған мұндай,
Сол кезде жүргем жоқ болып жымдай.
Кім  кетiптi үндемей сырт айналып,
Тиген жанды қып-қызыл шие қылмай?!


Бала жастан емдедiк талай тазды,
Саған, Мәшһүр, обал жоқ өзiңе аз-ды!
Хазiреттiң үйi сонда жүруменен,
Сол ауылда өткiздiк екi-үш жазды.


Өсумен Баянтаудың қаласында,
Құдайдың жан сақтаумен панасында.
Не берсе де Құдайдың берген бағы,
Сегiз бенен он бестiң арасында.


Кеудеге он бес жаста ғылым толды,
Толумен тасып кетiп өлең қонды.
Әш-шәһрият апатқа татбиқ келiп,
Апат сол жұрт аузында Мәшһүр болды.


Кеуденi кеткеннен соң өлең кернеп,
Ой кеттi бет алдына сай-сайды өрлеп.
Бас жоқ, көз жоқ, бет алды шаба бердiк,
Кім  болдырып көрiптi көзi терлеп?!


Бiледi мұны тегiс бұл Орта жүз,
Жаз өтсе, тақау тұр ғой соңында күз.
Қыздарға тұмар қылып тақтыруға,
Өлеңменен ғашықлықтан қозғадық сөз.


Құдайдың, міне, шебер құдiретiн көр,
Бiлмедiк қайда екенiн есiк пен төр.
Өлеңiн ғашықлықтың сезiп қалып,
Атамыз он алтыда аударды жер.


Бұлбұлдай қақсаған соң күн-түн сайрап,
Бекiтiп тұра алмадық тiлдi байлап.
“Бала оқыт, мал тауып бер, тұрма үйде!”- деп,
Жiбердi жер сiбiр қып ерiксiз айдап.


Ғашықлық, нем бар едi қыспай көттi?!
Өз тiлім , өз басыма көп пәле еттi.
Атаның қылған iсi мирас болып,
Сонымен жер сiбiр боп  өмір өттi.


Жиырма тоғыз жаста Бұхар бардым,
Басымнан арылмастай сыбаға алдым.
Дамолда, Хамза қожа кездей ұшырап,
Тоғыз ай сонда  алдында тұрып қалдым.


Бес жаста  бисмилла айтып, жаздым хатты,
Бұл дүние тастай маған келдi қатты.
Сегiзден тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса едi қосақтаған “Мәшһүр” атты.


Iлтипат көп жақсылар етiп едi,
Шарапат ұстаз пiрден жетiп едi.
Ұстазым Қамар хазiрет сүйгендiкпен:
“Уай, құзғын-ай!”- деуменен кетiп едi.


Таппады жаным сая күйгенiнен,
Маңдайға, тоқталмадым, тигенiнен.
Дамолда хазiрет күлiп әр сөзім е:
“Уай, әулие!”- деушi едi, сүйгенiнен.


Қолдаған әр орында ғайып пiрім ,
Тарқаған сөз сөйлеумен iште шерім .
Қайда барсам жоқ болған бұл жаһанда
Ұстазға  жеккөрiнiштi болған жерім .


Деп кеткен бiреуi “жынды”, бiреуi “бақсы”,
Бiр кiсi көпке қалай ұнамақшы?!
Ташкенттегi ұстазым осы күнгi
Ықыласымды қош алып, көрген жақсы.


Келедi шығып жаңа ащы терім ,
Шабуға бүктетiлiп жетпей жерім .
Күндiз-түнде басыма пана болған,
Қожай- баһауалдин кәміл пiрім.


Жүрген, тұрған жерім нен пәле қашқан,
Тас басып, қанша қиын таудан асқан?!
Жанкештi: “қыр қыдырған, су сыдырған”,
Қыдырдың қыдырғанда, iзiн басқан!


Қаңғырып жүргендiктен, жүрген саяқ,
Жерім  көп әр орында  жеген таяқ.
Құдайға шүкiр, Хақтың пендесім iн
Мейiрбан төккен  лұтын аямай-ақ.


Иншалла, сөзім де жоқ титтей жалған,
Аузыма сөздiң шынын Тәңiрім  салған.
Лұтыхи қандай есепсiз көп болса да,
Тағы өзi  қаһарына сондай алған.


Жалғанда күйiп текке жасаған жас,
Бойыма өмір бойы бiр сiңбей ас.
Ризамын қылған бәрiн Ием өзi,
Қысқаны,  жадыратқаны- бәрi бiр бас.


Мен өлеңдi өмірім ше  өттім  қоймай,
Жiбермес семіртумен және соймай.
Қайғы ғам-бала жастан құмар iсім ,
Берушi өзi болған соң тiптi тоймай.


Ей, Алла, айналайын бергенiңе,
Ғибратпен, шын ықыласпен көргенiңе!
Керексiз бұл жалғанға  қылдың бiр жан,
Жүдемес, қажып ешкім  өлгенiңе!


Өлсең, саған, айтшы кім,  қамығады?!
Түсiнбеген сөзiңе, шала ұғады.
Тұра берсең жалғанда бұл қалыппен,
Қаты, бала  күтуден жалығады.


Бұл сөзім нiң бәрi шын, жалғаным жоқ,
Жалығумен тiптi өзім   қалғаным жоқ.
Бұл жалғанда көңiлім е алған iстi
Қолым жетiп ешбiрiн алғаным жоқ.


Болмай кеттi өмірім ше маған тойым,
Хат, қаламым, өлеңім -жылқы, қойым.
Мен дегенде, жан бiткен терiс айналып,
Орнына кеп көрген жоқ ешбiр ойым.


Бұхар бардым, еңбегім  онда қалды,
Ташкенттегi, жолдағы ел ұрлап алды.
Қыдырсаң да дүниенi, таба алмассың:
Бiр еңбегi жанбаған бiздей жанды.


Кім -кім менен бас қоссам, ойы басқа,
Үйде отырып жаримын өш пен қасқа.
Үйде, түзде күн кештім  жалғыздықпен,
Жари алмай өмірім де бiр жолдасқа!


Деп ойлап: “Алданбайын болмашыға”,
Бiлмедім  бала күннен қырға шыға.
Кеудеге қуат бiткен кетiп қалып,
Жерім  жоқ хош көрiнген ұрғашыға!


Жоғары қарай берiп, төмен бақпай,
Өзім дi-өзім  жасқаншақ, қылып қақпай,
Қара құлдың жұмысын қылмаған соң,
Қатын деген халық, жұртқа кеттім  (қалдым) жақпай.


Берген өнер құдайым тiл мен жақтан,
Бұл-шын сөз, бiледi жұрт, емес мақтан.
Тiл мен жақтың қатынға керегi не,
Құлды артық көретiн жұрт мал мен бақтан.


Наданнан бойыңды алыс қылып, сақтан!
Берiлген ғылым, хикмет маған хақтан.
Ақ жағыңнан көретiн көздi жоқ боп,
Өңшең соқыр қарайды қара жақтан!


Жүсiптi ақ жағынан Жақып көрдi,
Қырық жыл жылап, көзi ағып, өмір сүрдi.
Қара жағын көрумен ағалары
Жойылтып, жоқ қылуға аңдып жүрдi.


Керуенге бақыртумен құл деп сатты,
Мысыр барып, зынданда нақақ жатты.
Зылиқа ақ жағынан көрiп қалып,
Өрт болып  өз-өзiнен күйдi қатты.


Бiр жағың ақ болғанда, бiр жақ- қара,
Тәңiрiң солай жаратқан, бар ма шара?!
Қара жақтан қараушы ортасында,
Жалғыз қалдың сопайып, ей, бейшара!


Бiлгенге болды тамам, ендi сөз жоқ,
Елуден астың анық, саған жүз жоқ.
Тұр мейлiң, бұл жалғанда, жөнел мейлiң,
Ақ жағыңнан көретiн бiр де көз жоқ!


Жаудың басы өз нәпсiң бермейдi ерiк,
Қосақталып лағын тұр оған серiк.
Қанша айналсаң құдайдан, аз-ды саған,
Дұшпаныңа осынша қылған жерiк!


Бiлмей жүрсiң жүгiңдi мойныңдағы,
Өмір бойы қанбаған ойың-дағы.
Қара жақтан, қақ басы, қараушының
Өмір-жолдас қатының қойныңдағы.


Қартаюмен жастарға  болдың суық,
Бас орнында бұл күнде- үрген қуық.
Емен болсын, көтерсiн, қалайша үйдi,
Iске жарап жалғанда жалғыз уық.


Жүрегiңнiң басында қалды дағың,
Күннен-күнге жуықтап өлер шағың.
Ақ жағыңнан көрушi жан жоқ болып,
Аймағыңа айқын  боп қара жағың!


Бұл жалғанның жүзiнде  көңiлiң  өспей,
Көрiнгеннiң жұртында қалдың көшпей.
Қашан көзге көрiнген асыл нәрсе
Асылдықтан қор болдың, көзге түспей!


Бала күнде толумен кеудең нұрға,
Мастықпен түсiп кеттiң талай сорға.
Шарқ ұрып ұшып жүрген дер күнiңде,
Зерек құстай жаңылып, түстiң торға!


Еске түстi-ау басымнан кешкен күндер,
Талай уын жалғанның iшкен күндер!
Бопаламдап iшiнде кетiп жатыр,
Неше түрлi көкейдi кескен күндер.


Тiршiлiк көрсеттi бәрiн мұның,
Сен қазбалап сұрайсың несiн оның?!
Тiлiң сөйлеп, жүрегiң оянғанмен,
Қайда жеткен созғанмен қысқа қолың?!


Текке шаршап, зарықпа, қызыл тiлім !
Салған менi  бейнетке ғылым-бiлім .
Зеректiктiң сазайын көп тартумен,
Қақсауменен дамылсыз өттi күнім .


Жарық сәуле көре алмай, бiр таң атып,
Кеткен күндi, айтасың, қашан батып!
Сату, сою жағына жарамсыз боп,
Қойға ере алмай қотанда қалдық жатып.


Арам болды жалғанда бiзге базар,
Тiрiлей көрге түсiп, болдық мазар.
Міне, осындай мән-жайы кәрiптердiң (ғарiплардың),
Шарапатты ерлерден тиген назар.    


29. III.1911 ж.


Алланың қаһарынан рахматы көп,
Күн бұрын таусылмайық біз уайым жеп.
Жалғанды қызықпенен өткізейік,
Құрайық әрбір түрлі әңгіме кеп.

Біз үшін жаратыпты бұ жалғанды,
Демейді онша жақсы құр қалғанды.
Жаратқан пендесіне тәңірім қорған,
Қылып өт, бозбалалар, ойға алғанды.






Өнерге өзіңді-өзің ерте баулы,
Жастықтың бір күн көшіп кетер ауылы!
Қауіп-қатерсіз, қайғысыз болам десең,
Араз боп еш адаммен болма даулы!
«Қалмасын жерде - десең – айтқан сөзің»,
Өзіңнің өз бойында болсын көзің
«Сөзіммен халқым амал қылсың!» - десең
Амал қыл өз сөзіңмен әуел өзің!






Әр істі ойлау керек әуел бастан,
Не пайда өнері жоқ жігіт жастан.
Мәз болма мұнарланып көрінгенге,
Кісі жер жемісі жоқ тау мен тастан.

Дос қой деп ішкі сырын түгел айтып,
Опық жеп жүрген жан көп аңдамастан.
Бір өрттен қалмайтұғын қалың қаудай,
Баянсыз бақ-дәулетке болма мастан






Нәпсінің кім құтылар хайласынан,
Залалы асып кетер пайдасынан.
«Білімді, зерек адам болам!» - десең,
Қара өзінді басқаның айнасынан!

Егер де ісі жақсы, болса ұнамды,
Талап қып зор жаһатпен бас қадамды!
Айна қыл өзінді – өзің түзетуге –
Бұл жүрген жақсы-жаман көп адамды.






Ғибрат ал-атқан таң мен батқан күннен,
Шықпассын, адам болсаң, айтқан жөннен.
Басыңа қайғы келсе, қапа болма,
Тарылып, назаланып шықпа діннен!

Болмайды: түн – күндізсіз, күндіз – түнсіз,
«Ай кірсіз, - деген сөз бар – Құдай мінсіз!»
Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе,
Бірінен соң – бірі бар – артық – кемсіз!






Болдық малай қарынға бір парамыз,
Жан пайдасын білмеген – жүзқарамыз!
Он шынжырмен бір итті байлай алмай,
Өмір бойы әуре боп біз барамыз!

Таң атса, жатамысың ұйықтап бақытым,
Менің де таянған-ды жүрер уақытым!
Қолымда – аттанарда – жоқ нәрсені,
Барғанда Тәңірі алдына қайдан таптым?!






Өтірік өрттей лаулап жанып жатыр,
Ессіз жұрт көбелектей барып жатыр!
Бірін – торғай, біреуін бөдене ғып,
Өзімен-өзін жаулап алып жатыр.

Сеңгір-сеңгір таулар бар, бұлағы жоқ,
Қопалы көл-жекен мен құрағы жоқ.
Өңшең «үрген қарынға» душар болдық:
Зарлап тұрсаң, еститін құлағы жоқ!



Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2011 М-Ж.Көпейұлы сайты