Тақырыбы: «Мәшһүртану» кабинеті


2010 жылдың қыркүйек айында Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, С.Мүткенов ауылындағы С. Мүткенов атындағы жалпыға білім беретін қазақ орта мектебінде «Мәшһүртану» кабинеті ашылды. Осы шараға «Мәшһүртану» ҒПО-сының қызметкерлері М.Б. Аманжолова, Р.Т. Хайруллина, А.С. Көпеев және М.О. Оралова қатысты.

«Мәшһүртану» кабинеті мектеп басшылығы және Жұлдыз Қазыбекққызы Жакулинова, Гүлнар Едігеқызы Жұматова, Нөкеш Шоқаұлы Рамазанов, Әсемгүл Мейрамқызы Мұқанова, Нүраш Мұқажанқызы Бейсенбаевалар Кәртембай Мұқияұлының ұсынған мәшһүртану кабинетінің презентациясын тамашалады.

 
Тақырыбы: «Мәшһүртану мұрасын аялайық» атты оқырмандар конференциясы

Павлодар қаласындағы жалпыға білім беретін №19 қазақ орта мектебінде «Мәшһүртану» курсы бірнеше жылдан бері мектеп бағдарламасына енгзіліп, тәжірибелі мұғалімдердің тарапынан арнаулы курс ретінде жүргізіліп келеді. Арнаулы курстарды Қ. Шөлбаева, Г. Шаймерденовалар жүргізіп, қалаішілік, облыстық «Мәшһүртану» шараларына оқушыларын қатыстырып, жүлделі орындарды иеленгені мәлім.

Өтілген конференцияға қалалық білім беру басқармасынан, мектеп ұжымы, «Мәшһүртану» ҒПО қызметкерлері қатысты. Жоспарлы шара екі бөлімге белгіленді: бірінші бөлім – оқырмандар конференциясы мен мәнерлеп оқу, екінші бөлім – ашық сабақтар. Оқырмандар конференциясында 8, 9, 10-шы сыныптың оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері М-Ж. Көпеевтің шығармаларын арқау етіп, өзекті тақырыптарда баяндамаларын оқыды. Мәнерлеп оқу Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің өлеңдерін үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тыңдалды.

Екінші бөлім бойынша №19 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаламқас Байдоллақызы Шөлбаеваның «Мәшһүртану» арнаулы курсы бойынша өткізген 7-ші сыныптағы сабағы жүргізілді.

22 ақпан 2010ж.

Тақырыбы: «Философ, ақын, тарихшы, ойшыл, ғұлама Мәшһүр-Жүсіп тағылымы» атты оқыту семинары

Облыстық білім беру басқармасы және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының қатысуымен «Философ, ақын, тарихшы, ойшыл, ғұлама Мәшһүр-Жүсіп тағылымы» атты оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинардың басты мақсаты – облыстың барлық аудандарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен шығармашылық байланыс жасау, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасын насихаттау, таныту.

Семинарға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен аудандық мектептердің мұғалімдері қатысты.

Семинар екі бөлімге жоспарланды. Бірінші бөлімде ақын, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі С. Баязитовтың «Мәшһүртану өрісі» атты кітабының тұсау кесері болды.

Бүгінгі «Мәшһүртану» қызметінің даму деңгейі, оқушылармен жұмыстың жүргізілу барысы туралы бірнеше баяндамалар тыңдалды:

Аубакирова Алтынгүл Кенжеқарақызы - «Ертіс Дарыны» АҒПО-ның шағармашылық зертханасының әдіскері. Баяндамасы: «Аймақтық Мәшһүр-Жүсіп оқуларын өткізу ережесі (таныстыру)»;

Қанапьянова Қапия Қабиденқызы – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №10 Абай атындығы лицей-мектебінің оқу ісінің меңгерушісі. Баяндамасы: «Научный проект ученика – один из путей пропаганды трудов М-Ж. Копеева»

Токумова Марияш Хайроллақызы – Дарынды балаларға арналған №3 гимназия мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі. Баяндамасы: «Наследие Машхура-Жусипа. Научные проекты, а так же проблемы перевода на русский язык».

Хайруллина Райса Тәшенқызы – Мәшһүртану ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері. Баяндамасы: «Мәшһүртану бағдарламасы (5-11 сыныптар) және болашақтағы оқу құралдары туралы».

Шөлбаева Қаламқас Байдоллақызы Павлодар қаласының №19 Жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі. Баяндамасы: «Мәшһүртану бағдарламасын мектепте насихаттау жолдары»

Ғибатова Бақыт Қожанқызы – Екібастұз қаласының №26 Жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі. «Презентация работы за 2008-2009 уч.год по жизни и творчеству Машхура».

Овсянникова Людмила Павловна - №43 Орта мектебінің кітапханашысы. Баяндамасы: «День чтения по творчеству М-Ж. Копеева»

Екінші бөлімде Мәшһүртану ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері Аманжолова Мақпал Баянқызы «Планирование работы 5-8 классов» атты тақырыпта демонстративтік сабақ өткізді.

Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы қалалық көркемсөз оқулары.

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қалалық мәдениет сарайында “Ана тілі” бағдарламасы шеңберінде Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы қалалық көркемсөз оқуларын өткізді.

Байқау талаптарына сәйкес шараға 15-25 жас аралығындағы азаматтар қатысып, екі тапсырма орындады: прозалық шығармадан үзінді оқу немесе Мәшһүр Жүсіпке арнау шығару, екінші мәнерлеп өлең оқу.

Жалпы бұл шараға 49 қатысушы қатысуға ниет білдірді. Орталықтандырылған кітапханада өткізілген іріктеуден 12 қатысушы белсенділік танытып, қалалық сайысқа жолдама алды.

Сайыстың нәтижесінде бірінші орынды лицейден Толубаева Мәншүк, екінші орынды Еңбек ауылынан Мұса Гаухар, ал үшінші орынды Қызылжар ауылынан Шамиданова Әйгерім иеленді.

Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бұл шараның нәтижесінен оқушылардың әдебиетке деген құштарлықтарының, проза, поэзияны мәнерлеп оқудағы шеберліктерінің арта түсуі байқалды.

Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

18 ақпан 2011ж.

«Ислам өркениеті және Мәшһүр Жүсіп тағылымы» семинары

2011 жылдың 18 ақпанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті колледжінің акт залында «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Ислам өркениеті және Мәшһүр Жүсіп тағылымы»- атты семинар өтті.

Семинар бағдарламасы: Тұрышев Айтмұхамет Қасымбайұлы – Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор. Баяндама тақырыбы: «Ислам конференциясы ұйымы және Мәшһүр Жүсіптің рухани мұрасы»;

Көпеев Арслан Жастілекұлы – магистр, МҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері. Баяндама тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сайтының тұсау кесері»;

Ысқақ Сарагүл Әмірханқызы - МҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері. Баяндама тақырыбы: «Ғылыми білім беру негіздері (М.Ж. Көпеев шығармалары негізінде)»;

Шөлбаева Қаламқас Байдоллақызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, №19 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қаласы. Баяндама тақырыбы: «Үкілі үміт» мектеп газетінің Мәшһүр Жүсіп мұрасын насихаттаудағы рөлі»;

Оразбаева Бигүл Қазтайқызы – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Павлодар қаласы. Баяндама тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы»;

Айтбаева Ләззат Жәлелқызы – Абай атындағы Дарынды балаларға арналған №10 лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Павлодар қаласы. Баяндама тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіп шығармаларын оқытудың әдіс-тәсілдері»;

Аханбаева Сәндігүл Ермұратқызы – Облыстық мамандандырылған Дарынды балаларға арналған кадет-мектеп интернаты, Павлодар қаласы. Баяндама тақырыбы: «Мәшһүр Жүсіптің бала тәрбиесіне қатысты өлеңдерін оқытудың әдіс-тәсілдері»;

Муханбетова Гүлнар Сағидоллақызы – С.Торайғыров атындағы ПМУ, қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к., доцент. Баяндама тақырыбы: «Орта ғасырдағы арнау өлеңдеріндегі адам және әлем концепциясы» -атты түрлі баяндамалар оқылды.

Павлодар қаласының №6 балабақшасының

тәрбиеленушілері Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып өз өнерлерін көрсетті.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің рухани мұрасын насихаттаған белсенді Мәшһүртанушылар алғыс хаттармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.


Ақсу қаласында «Мәшһүртану» сыныбы ашылды

2011 жылдың 13 мамырында Павлодар облысы, Ақсу қаласының №1 қазақ орта білім беретін мектебінде ақын, фольклорист, тарихшы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған «Мәшһүртану» сыныбы ашылды.

Бүгінгі таңда облысымыздың қазақ мектептерінде «Мәшһүртану» арнаулы курсы оқытылып, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасы мектептерде кеңінен насихатталып келеді. Осындай бір игі шараның бірі Ақсу қаласының №1 қазақ орта білім беретін мектебінде ашылып отырған «Мәшһүртану» сыныбын атауға болады. Бұл сынып мектеп директоры Гүлайым Ережепова, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Мадина Құрмашева мен Эльмира Оразбаевалардың бастамаларымен ашылып отыр. «Мәшһүртану» сыныбының ашылу рәсіміне С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының директоры, ф.ғ.д., А.Қ. Тұрышев пен орталықтың

кіші ғылыми қызметкері А.Ж. Көпеев қатысты.

Ең алдымен іс-шара «Мәшһүртану» сыныбының тұсаукесер рәсімінен басталды. «Мәшһүртану» сыныбы қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталған. Кітап сөрелеріне Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары қойылған. Сыныптың тұсаукесер рәсімінен кейін қонақтарға мектептің мұражайы көрсетілді.

Одан кейін осы іс-шара мәжіліс залында жалғасты. Мұнда оқушылар ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өлеңдерін оқып, ақынның өмірі мен шығармалары жайында пікірталас, сұхбат күйінде дөңгелек үстел өткізді. Мектеп оқушылары А.Қ. Тұрышевтың «Адам Жүсіп» пьесасынан үзінді ойнап, жиылған жұртты өз өнерлерімен сүйсіндірді.

Университеттен келген қонақтарға құттықтау сөз беріліп,

мектеп ұжымы мен оқушыларды «Мәшһүртану» сыныбының ашылуымен құттықтады, өздерімен бірге ала келген сыйлықтарын сыйлады. Сол сияқты облыстық білім бөлімінің әдіскері Балжамал Қонақбаева, дарынды балаларға арналған гимназия директоры Рымкеш Сламбекова, №2 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Мариям Қасенова, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Гүлнәр Қайырханова, тіл жанашыры Светлана Қондыкерова, ардагер-ұстаз Манат Алтайқызы жүрек жарды тілектерін білдіріп, мектеп директоры мен қазақ тілі пәні ұстаздарына шексіз алғыстарын білдірді. Білім ордасының басшысы Г.Ережеповаға мектептің атын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атын алуды аманат етілді.


Қазы ауылында мұражай ашылды

2011 жылдың 18 мамырында Аққу ауданы, Қазы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Мәшһүр Жүсіп мұрасын насихаттау» атты семинар өтті. Аталған мектеп оқушылары аудандық «Мәшһүртану оқуларында» 2008 жылы В.Жақсыбаева - I орын, Д. Жүнісхан - II орын, 2009 жылы В.Жақсыбаева - I орын, Е.Асқарұлы, Е.Жүнісхан- III орын, 2010 жылы В.Темірболат - I орын, Е.Асқарұлы-II орын, Д.Жүнісхан - III орын, 2011 жылы Д.Жүнісхан – I орын жеңіп алды. Сол сияқты

аудандық, аймақтық, облыстық ғылыми жоба сайыстарында да көзге түсіп жүр.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дариға Абсолямова және Асқар Абсолямов Мәшһүр Жүсіп мұражайын ашты. Мұражайда ақынға қатысты экспонаттар қойылған. Сол сияқты ауыл тұрғындары мұражайға арнап ескі заттар сыйлаған.


«Лингвистикалық өлкетану: Мәшһүр Жүсіп мұрасын қазақ және орыс тілдерінде меңгеру мәселелері» - «Краеведение лингвистическое: наследие Машхур Жусипа и вопросы его изучения на казахском и русском языках» -атты дөңгелек үстел.

2011 жылдың 29 сәуірінде Мәшһүртану ҒПО және облыстық департаменті және қалалық білім бөлімімен бірлесіп Павлодар қаласының №19 ЖОМ- да «Ислам өркениеті және Мәшһүр Жүсіп тағылымы»-атты облыстық семинардың жалғасы ретінде Мәшһүр Жүсіп мұрасын қазақ және орыс тілдерінде меңгеру мәселелері» - «Краеведение лингвистическое: наследие Машхур Жусипа и вопросы его изучения на казахском и русском языках» - атты тақырыпта екі тілде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің бағдарламасы бойынша: №19 ЖОМ-ның директоры Т.К. Нөгербаевқа, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры,

филология ғылымдарының докторы, А.Қ. Тұрышевқа алғашқы сөз берілді.

«Мәшһүртану» ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері М.Б. Аманжолова «Наследие Машхур Жусипа:вчера, сегодня, завтра»;

Павлодар қаласының №9 мектеп-гимназиясы кітапханасының меңгерушісі В.В. Козина «Передвижная книжная выставка и творчество Машхур Жусипа» ;

№19 ЖОМ кітапханасының меңгерушісі Ш.Қ. «Қаламымен ұрпақтарға ой салған Мәшһүр-Жүсіп»- атты тақырыпқа жылжымалы кітаптік көрме ұйымдастырды.

Павлодар қаласының балалар техникалық мектебінің директоры А.Н. Зозуля «Об истории создания макета мечети Машхура Жусипа»;

Баянауыл ауданының мұражай кешенінің ғылыми қызметкері Ә.Қ. Пазылов «Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің тарихи мұрасы»;

Ә.Қ. Пазылов «Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің тарихи мұрасы»;

Павлодар қаласының №14 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.А. Асқапова «Аз-аздан үйреніп дана болады, тамшыдан жиылып, су дария болады»- яғни орыс тілді мектепте «Мәшһүртану» курсын үйірме жұмысын ұйымдастыра отырып енгізудің жолдары; Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі А.И. Самакова- «Исследовательская деятельность учащихся – фактор становления конкурентноспособной личности»; С. Торайғыров атындағы ПМУ, «Мәшһүртану» ҒПО-ның кіші ғылыми қызметкері А.Ж. Көпеев «Мәшһүр Жүсіп сайты жайында»; Павлодар қаласының №19 ЖОМ директорының орынбасары С.А. Серғазина «Научно-практическая значимость курсов «Машхуроведение» орыс тілінде»; Павлодар қаласының №19 ЖОМ директорының орынбасары Қ.Б. Шөлбаева «Үкілі үміт» газеті; Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мектеп-гимназиясының 11 «А» сынып оқушысы Ә.Ақтанова «Концепты время и жизнь в мировоззрении Машхур Жусипа Копеева»; Павлодар қаласының №19 ЖОМ 7 «В» сынып оқушсы Г. Әкімбай «М-Ж. Көпеев шығармаларындағы өлшем бірліктері». Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылының М.Ж. Көпеев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жаңбырбай

Бейбіт «Мәшһүр туралы сөз...». Павлодар қаласының №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі З.Ш. Ахмедьянованың жетекшілігімен Анастасия Немченко (8«Б» сынып), Сабина Казкенова (8 «Б» сынып), Махаббат Камиева (8 «Б» сынып) сияқты оқушылар М.Ж. Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы баяндап өтті. Осы мектептің 3 сынып оқушылары Дорошенко Анатолий, Криворучко Виктор, Магзумова Диана, Салихзянова Русалина және Чепикова Ариналардың да өнерлері алғашқы сынып оқытушысы О.И. Деревнинаның қолдауымен белсенді өтті. Жатқа оқушылар: Құсайнова Жұмақыз, Увалиев Айтуар, Жұмакелді Гаухар, Тоқтас Анель, сонымен қатар №19 ЖОМ Ә.А. Аязбаев жетекшілік ететін «Қарлығаш» хоры кездесудің І бөлімін аяқтады. ІІ бөлімде қатысушылар С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің аға оқытушысы Н.Е. Күлімжановтің жетекшілігімен «іскер ойыны» яғни «Мәшһүртану» курсын өңдеудің мүмкіншіліктерін қарастыру, «Мәшһүртану» курсын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұраларын насихаттау жолымен орыс тілінде оқыту бағдарламасына енгізу жолдары қарастырылды.

Уақыт. Ұрпақ. ХХІ ғасыр


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледжінде «Уақыт – ұрпақ – 21 ғасыр» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш қазақтың ғұлама дарын иесі, өңіріміздің тумасы ақыны, философ Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы мен өміріне арналды.

Осы тақырыпты арқау етіп, шеберлік класын ұймдастырған дизайн факультетінің студенттері. Талантты жастардың шығармашылығымен танысып, тәрбие алу, тәжірибе алмасуды міндет еткен шеберлер мерекесін ұйымдастырған ПМУ колледжінің Сәулет бөлімі мен «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы. Шараның құрметті қонақтары белгілі ақынның немересі филология ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Пазылұлы және белгілі журналист, Е. Бекмаханов атындағы тарих және этнография ғылыми – практикалық орталықтың аға қызметкері Б.Қоғабайұлы.

Шеберлік отауына тәжірибе алмасу мақсатында қаламыздың бала-бақша тәрбиешілері, сурет мектебінің тәлімгерлері қатысты. Мәшһүртану ғылыми – практикалық орталықтың қызметкері Н. Анафина өз баяндамасында М. Ж. Көпейұлының шығармашылығы мен өмірінен танымды да қызықты мәліметтермен қатысушыларды қанық етті. Ал, өңіріміздің асыл азаматының өмірі мен болмысы туралы еш баспа беттерінен таба алмайтын жастарға тәлімі зор, мағыналы салиқалы әңгімеге жасап, ғибратты сөз берген ұлы ұстаз немересі Қ.Жүсіп.

Бұл шара сөз, әуен, бейнелеу арқылы шәкірттерге білім беру, қазақтың ғұлама тұлғасы Мәшһүр Жүсіпті таныту және дарын иесінің шығармашылығы арқылы бейнелеу әлеміне саяхат жасау, шабытқа ерік беру. Жас шеберлеріміздің қолы қарымды, ойы айшықты болуына музыкалық әуен де шабыттарына шабыт қосты. Қобыздың қоңыр үні, саз-сырнайдың даладай дархан дауысы суретшілеріміздің қаламын ұштады. Музыкалық қолдау көрсеткен С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың орындаушылық кафедрасының меңгерушісі Д. Мергалиевтың шәкірттері ұлттық аспаптардың сазды үнімен суретшілерге ғана емес, қатысушылардың да құлағының құрышын қандырып, Мәшһүрдің сырлы әлеміне жол ашты.

Демек, кәсіптік бейімдеуге сөздің, музыканың, бейнелеудің ықпалы зор екені дәлелденді. Мақсат орындалды. С.Төлеубай ұстаздық еткен дизайн факультетінің студенттері А. Болатова, Ш. Джангирова, Б. Каир, Р. Бакиров қазақтың нар қасқа тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жан болмысын өз шығармаларына арқау етіп қана қоймай, ақынның жанынан шыққан дүниелерін таныды, ұлағатты ұстаздан ұмытылмас мұраға ие болды. А. Болатованың шеберлік сыныбында ұсынған Мәшһүр әлемін бейнелеген шығармасы «Шабыт» фиставалінің жүлделі орындарына үміткер.

Жас дарынға сәттілік тілейміз! Жанар ӘБДІҚАЛИҚЫЗЫ

МӘШҺҮР АТЫН АРДАҚТАП


2013 жылдың 1 ақпанында №24 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған «Мәшһүр атын ардақтап» атты әдеби кеш өтті. Кешке С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы атсалысып, қолдау танытты. Шара мектептің «Жаратылыстану мен математика» апталығы аясында ұйымдастырылды.

Павлодардың Ертіс өңірінен шыққан біртуар ақын, философ, ағартушы ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына биыл 155 жыл толады. Танымал тұлғаның дүниеге келуіне өңіріміз белсене тойлауға кірісіп те кетті. Осы шара аясында өтіп отырған бұл әдеби кеш асыл да алып тұлғамыздың шығармашылығы мен ғылыми еңбектерін тағы бір паш етті.

Сөздің басын С.Торайғыров атындағы университеттің «Мәшһүртану» ғылыми-практикаылқ орталығының ғылыми қызметкері Н.К.Анафина өзі ала отырып, былай деді: «Бұл игі кездесу дара да дарын иесі Мүшһүрдің мерейлі тойына арналған шаралардың алғашқысы. Бүгінгі мектеп оқушылары даламыздың ұлы тұлғаларының туындылары мен еңбектерінен сусындап өсуі қажет. Мәшһүр тағылымының мұрагерлері жастар – сіздерсіздер».

Әдеби кеш барысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Студенттік филармониясының орындаушылары Ә.Ахметованың, Б.Аубакиров, З.Макенованың орындаған күмбірлеген күйіне, саз сырнайдың дала үніне, саксофонның сиқырлы сазына тәнті болды оқушылар.

Аталмыш әдеби шараны осыған дейін «Мәшһүртану» саласына сүбелі үлес қосқан, бірнеше ғылыми байқауларда жеңімпаз шәкірт дайындаған география пәнінің мұғалімі Зәуреш Тұңғышева мен дарынды жас ақын 11 «А» сынып оқушысы Мұхтар Макишевқа «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталықтың ғылыми қызметкері Н.К.Анафина С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылым департаменті атынан М.Ж.Көпейұлының 155 жылдығына арналған шараға белсенді қатысқаны үшін марапаттады.

Өз сөзінде Н.Анафина: «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығындағы және өміріндегі жаңа таңдақтар мен тың зерттеулермен әлі де мектеп оқушыларын таныта беруді мақсат тұтқан жобаларды іске асыра бермек. Мұндай тәрбиелік маңызы зор кештер қаламыздың басқа да мектептерінде ұйымдастырылатын болады», - деді. Сонымен қатар Мәшһүрді зерттеуші: «Ұлы ғалым туындылары мен еңбектерін халыққа насихаттау жұмыстары әр бағытта жасалып келеді. М.Ж. Копейұлының шығармаларының 10 томдығы «Шежіре» аударылу кезеңінде, «Мақал-мәтелдер – халық даналығының нышаны» атты оқулық құрал, «Заманауи Қазақстан Республикасының діни мәдениеті» қазақ тіліндегі монографиялық жұмыстар атқарылуда», – деп сөзін түйді.

Оқушыларды Мәшһүр әлемімен тағы бір табан таныта түскен бұл шара ақынның шығармашылығын танып-білуге оқушыларды жақындата түсті деген ниеттеміз. Жанар ЕЛЕШОВА

Баянауыл абызы

2013 жылдың сәуірдің 18-і С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Мәшһүртану ҒПО П. Васильев атындағы Орталық қалалық кітапханасымен бірлесе отырып, Павлодар облысының 75 жылдығы бағдарламасы аясында белгілі ақын, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 155 жылдығына арналған «Баянауыл абызы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара «Мәшһүр Жүсіп мұрасы» деп аталған кітап қоры көрмесі, атақты жерлесіміз Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылығы жайында деректі фильм мен баяндамалар оқуымен қамтылды.

Мәшһүртану ҒПО қызметкерлері – ф.ғ.д., профессор А. Қ. Трушев «Мәшһүр тағылымы», ф.ғ.к., доцент, кіші ғылыми қызметкер М. Т. Тезекбаев орыс тілінде «Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы», филолог-оқытушы, кіші ғылыми қызметкер С. Ә. Ысқақ «Рухани мәдениет және Мәшһүр тағылымы» тақырыптарында баяндама жасады. Сонымен қатар, кітапхана оқырмандары Мәшһүр Жүсіптің латын және араб графикасымен жазылған қолжазбаларымен танысты.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының немересі – ф.ғ.д., профессор Қуандық Мәшһүр Жүсіп қонақ ретінде қатысып, өзінің «Қыздар-жігіттер» романының бірнеше данасын кітапхана қорына сыйлық етті. Бағдарлама соңы журналистердің ғалымдармен сұхбат алысуы, оқырмандармен фототүсірімдер жасаумен аяқталды. Кітапхана оқырмандары тарапынан сұрақтардың қойылуы іс-шара мақсатының орындалғанын байқатты.

«Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығы арқылы оқушылардың коммуникативтік, тілдік және мәдени-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру» атты облыстық семинар

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы Павлодар облысының білім беру басқармасы және «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, 2013 жылы 23 сәуірде Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінде дала кемеңгері, ақын, этнограф, шежіреші Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 155 жылдығына орай «Мәшһүр-Жүсіп шығармашылығы арқылы оқушылардың коммуникативтік, тілдік және мәдени-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру» атты облыстық семинар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.

Өткізілген іс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессор, С.Торайғыров атындағы ПМУ, «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі А. Қ. Тұрышев, осы орталықтың кіші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент М.Т. Тезекбаев, кіші ғылыми қызметкер, филология магистрі, іс-шараның модераторы М. Б. Аманжолова, «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Қ. Жүсіпов пен білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» орталығының қызметкерлері қатысты. Аталмыш іс-шараға облыс мектептеріндегі тіл пәндерінің 80 мұғалімі қатысты. Семинар барысында ғалымдардың баяндамалары тыңдалып, № 19 орта мектеп мұғалімдері «Мәшһүртану» факультатив курсы бойынша ашық сабақтар көрсетті. Семинар соңында мұғалімдерге С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының сертификаттары берілді.


Алланың қаһарынан рахматы көп,
Күн бұрын таусылмайық біз уайым жеп.
Жалғанды қызықпенен өткізейік,
Құрайық әрбір түрлі әңгіме кеп.

Біз үшін жаратыпты бұ жалғанды,
Демейді онша жақсы құр қалғанды.
Жаратқан пендесіне тәңірім қорған,
Қылып өт, бозбалалар, ойға алғанды.






Өнерге өзіңді-өзің ерте баулы,
Жастықтың бір күн көшіп кетер ауылы!
Қауіп-қатерсіз, қайғысыз болам десең,
Араз боп еш адаммен болма даулы!
«Қалмасын жерде - десең – айтқан сөзің»,
Өзіңнің өз бойында болсын көзің
«Сөзіммен халқым амал қылсың!» - десең
Амал қыл өз сөзіңмен әуел өзің!






Әр істі ойлау керек әуел бастан,
Не пайда өнері жоқ жігіт жастан.
Мәз болма мұнарланып көрінгенге,
Кісі жер жемісі жоқ тау мен тастан.

Дос қой деп ішкі сырын түгел айтып,
Опық жеп жүрген жан көп аңдамастан.
Бір өрттен қалмайтұғын қалың қаудай,
Баянсыз бақ-дәулетке болма мастан






Нәпсінің кім құтылар хайласынан,
Залалы асып кетер пайдасынан.
«Білімді, зерек адам болам!» - десең,
Қара өзінді басқаның айнасынан!

Егер де ісі жақсы, болса ұнамды,
Талап қып зор жаһатпен бас қадамды!
Айна қыл өзінді – өзің түзетуге –
Бұл жүрген жақсы-жаман көп адамды.






Ғибрат ал-атқан таң мен батқан күннен,
Шықпассын, адам болсаң, айтқан жөннен.
Басыңа қайғы келсе, қапа болма,
Тарылып, назаланып шықпа діннен!

Болмайды: түн – күндізсіз, күндіз – түнсіз,
«Ай кірсіз, - деген сөз бар – Құдай мінсіз!»
Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе,
Бірінен соң – бірі бар – артық – кемсіз!






Болдық малай қарынға бір парамыз,
Жан пайдасын білмеген – жүзқарамыз!
Он шынжырмен бір итті байлай алмай,
Өмір бойы әуре боп біз барамыз!

Таң атса, жатамысың ұйықтап бақытым,
Менің де таянған-ды жүрер уақытым!
Қолымда – аттанарда – жоқ нәрсені,
Барғанда Тәңірі алдына қайдан таптым?!






Өтірік өрттей лаулап жанып жатыр,
Ессіз жұрт көбелектей барып жатыр!
Бірін – торғай, біреуін бөдене ғып,
Өзімен-өзін жаулап алып жатыр.

Сеңгір-сеңгір таулар бар, бұлағы жоқ,
Қопалы көл-жекен мен құрағы жоқ.
Өңшең «үрген қарынға» душар болдық:
Зарлап тұрсаң, еститін құлағы жоқ!



Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Білім беруді ақпараттандыру орталығы
Авторлық құқықтар © 2011 М-Ж.Көпейұлы сайты